Өскемендегі су арнасы мекемесі тұрғындарға 3 млрд теңге қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі су арнасы мекемесі тұрғындарға 3 млрд теңге қарыз

25.08.2021

Өскемендегі «Су арнасы» мекемесі тұтынушыларға 3 миллиардтан астам қаражыны кері қайтаруы тиіс. КСМ Өйткені, компания бес жылға бекітілген тариф бойынша инвестициялық бағдарламаны толық қамтымаған. Табиғи монополияны реттеу депортаментінің есебінше бекітілген іс-шаралар орындалмаған жағдайда тұрғындардың ай сайынғы төлемақысы негізсіз болып саналады.

Жұмагүл Нүсіпова,  Табиғи монополияны реттеу департаментінің бөлім басшысы: 
30 - шы және 31 - шы кәріздік сорғы станциялары жөндеу керек болған, алайда соңғы 2018-2020 жылдарда оларға ешкандай жөндеу жүргізілмей 1 млрд көлеміндегі іс-шараны орындамаған болатын.

Ал су арнасы мекемесі бұл шешіммен келіспейді. Инвестициялық жобаның игерілмегені табыстың толық түспегендігінен дейді мамандар.

 Әсел Оспанова,  «Өскемен суарнасы» МКК директорының қаржы және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары: 
Бүгінгі күні кәсіпорын Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитетке әкімшілік шағым жасады. Мекеме комитеттің шешімімен келіспеген жағдайда сотқа арыз беруге құқылы.


Хабарламаларға жазылу