«ҚуатЖылуОрталығы-3» мекемесі тұтынушыларға 2,8 млрд теңге қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚуатЖылуОрталығы-3» мекемесі тұтынушыларға 2,8 млрд теңге қарыз

02.02.2023

Шымкент қаласындағы «ҚуатЖылуОрталығы-3» мекемесі тұтынушыларға 2 миллиард 800 миллион теңгені қайтарып беруі тиіс. Жылу тарифіне қатысты істі қараған қалалық сот осындай шешім шығарды. Егер шешім заңды күшіне енетін болса, қала тұрғындары бір жыл бойы жылуға 40 пайыз аз ақша төлейді. «ҚуатЖылуОрталығы-3» мекемесінің тарифті негізсіз көтергенін табиғи монополияларды реттеу департаменті анықтады. Тексеріс кезінде компанияның қала әкімдігі резерв қорынан алынған субсидия қаржыны дұрыс жұмсамағаны белгілі болды. Алайда «ҚуатЖылуОрталығы-3» тексеріс нәтижесімен де, соттың шешімімен де келіспей отыр. Олар енді соттың жоғары инстанцияларында өз әрекеттерінің дұрыстығын дәлелдеп көрмек. 

Дархан Қайынбердиев, Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:
Орташа 110 теңге шаршы метрге тариф 70 теңге. Соны 40 теңгеге түсірдік. Енді заң күшіне енгенше сол қалыпта төлей береді. Егер сотты ұтсақ, сол ақшаны бір жылдың ішінде қайтаратын болады.

Ғани Қалмаханов, Н. Нұрбек

Хабарламаларға жазылу