Маңғыстауға 12 вагон бидай жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауға 12 вагон бидай жеткізіледі

20.08.2021

Маңғыстаулық шаруалар республикадан аналық мал басына бөлінген 1млрд 900 млн теңгенің 500 млн-ын алып үлгерді. Қаражат жем-шөп сатып алуға берілуде. Мал шығынының алдын алу үшін, облысқа шөп жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен жеке кәсіпкерлердің көмегімен бүгінге дейін 34 мың тонна шөп жеткізілді. Енді жемді азық-түлік корпорациясы арқылы тікелей элеваторлардан сатып алу мәселесі қарастырылуда. Аймақта төрт түлікті алдағы қыстан аман алып шығу үшін, 77 мың тонна шөп пен 53 мың тонна жем қажет. 

Серікбай Трұмов, Маңғыстау облысының әкімі: 
12 вагондай 4-ші категориялы бидайға қаражат төледік ол да келіп бастайды. Ары қарай біздің шаруалардың сұрайтыны кебек. Сондықтан ол кебек жемін біз пробкорпорациямен келісімшарқа отырып, өзіміздің тиісті қаражатымызға алдыртататын боламыз.Тиісті Үкіметтен қаражаттар бөлінді. Енді осы қаражаттармен қысқа дайындығымызды толық жасақтауға мүмкіндік бар.  

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу