Маңғыстауға 45 вагон шөп жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауға 45 вагон шөп жіберілді

25.08.2021

Батыс Қазақстаннан Маңғыстау халқына тағы 13 вагон шөп жіберілді. Осымен қосқанда жалпы тамыз айы басталғалы 45 вагон мал азығы Ақтауға жөнелтілді. «Turan Busness Groop 2021» бірлестігіне біріккен азаматтар шөпті ауыл-аймақтан сатып алып, Ақтауға тегін тиеп жатыр. Жалпыұлттық асарға түркістандық Құрмет Талапқазының бастамасы түрткі болған. Жергілікті азаматтар техника, қол күшімен көмектесіп жатыр. Ай соңына дейін тағы 50 вагон шөп жіберілмек.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу