Маңғыстауға 10 вагон арпа жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауға 10 вагон арпа жеткізіледі

10.06.2021

Маңғыстауға алғашқы 10 вагон арпа келесі аптада жеткізіледі. Одан кейін өңірге шөп те келеді. Бірақ, Ақтөбе облысынан тасымалданатын шөптің құны нарықтағы бағадан 10-20 пайызға ғана төмен болмақ. КСМ: Себебі, тасымал қымбат. 5-6 мың теңге тұратын 1 рулон шөп маңғыстауға жеткенде 3 есе қымбаттап, 16 мың теңгеге бір ақ шығады. Қазір аймақта жем-шөп тапшылығы жоқ деп сендірді мамандар. Естеріңізге сала кетейік, өңірді мал азығымен қамтамасыз ету үшін, жергілікті бюджеттен 204 млн тең бөлініп, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарынан жем-шөп тасымалдауға келісім жасалды.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу