Жалған медициналық құжаттарды әзірлеген топ әшкереленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған медициналық құжаттарды әзірлеген топ әшкереленді

09.08.2021

Елімізде жалған вакцинация паспорты мен ПТР тестін ұсынудың тұтас схемасы әшкереленді. Оның ішінде 20 медицина қызметкері болған. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрлігімен өткен онлайн брифингінде мәлім болды. Арнайы құрылған ведомствоаралық топтың жедел жұмысының нәтижесінде індеттің таралуының жолы кесілді. Жеке туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын шығарумен және саудалаумен айналысқан. Ұйымдасқан топтың қитұрқы әрекеттері теміржол вокзалдарында, әуежайларда, тіпті шекараның өткізу пункттерінде жүзеге асырылған. Брифингте, сондай-ақ, соңғы жеті айда жол жүру ережесін бұзған мың адам көлік тізгіндеу құқығынан айырылғаны туралы мәлім болды. 

Хабарламаларға жазылу