Алматы облысында жалған кәсіпкерлікпен айналысқан топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жалған кәсіпкерлікпен айналысқан топ ұсталды

18.03.2015
Алматы облысында жалған кәсіпкерлікпен айналысқан топ ұсталды

Алматы облысында жалған кәсіпкерлікпен айналысқан топтың әрекеті әшкереленді.

Заңға қайшы әрекет еткендер Мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметі жүргізген тексеру кезінде ұсталды. 

Тексеру барысында белгілі болғандай, топ мүшелері салықтан жалтару мақсатында «Делантра» ЖШС атынан арнайы чек пен шот-фактуралар жасап, сатумен айналысқан.

Салық органдары мамандарының мәлімдеуінше, заңсыз әрекет мемлекетке 500 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу