Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының шаруалары маңғыстаулық ағайынға 1 мың тонна шөп пен 50 тонна жем жіберді. Тағы мыңнан аса орама шөп жиналған. Мал азығы темір жол арқылы жөнелтіледі. Қаржылай көмектесіп жатқан азаматтар да аз емес. Қуаңшылықтан зардап шеккен өңірге тек бір аудан емес, облыс халқы бірігіп, қала маңына әкеліп шөп түсіріп жатыр. Оны еріктілер тобы бір жерден қабылдап, тиеп үлгеруде. Барлығы 200 вагондай шөп жиналуы тиіс. Десе де қол күші әлі де қажет.
Серікбай Мұрзашев, шаруа:
Біздің азаматтық борышымыз. Ауыл шаруашылығында бірге жұмыс істеп жатқасын, әркімнің басына келуі мүмкін бұл. Сондықтан аз да болса, көмек көрсетіп жатқанымыз.
Ардақ Мратқызы