Елдегі эпидахуал әлі де күрделі. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Түркістан сары аймаққа қайта оралды. Бірақ, басқа өңірлер қызыл белгімен тұр.
Індеттен қайтыс болғандар саны да азаяр емес. Кеше коронавирус пен пневмониядан 126 науқас көз жұмған. Одан бөлек 7,481 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 46 адам шалдыққан. Қазір 102 мыңнан астам тұрғын ем алып жатыр. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 480 мыңнан асты.