Қазақстанда КВИ жұқтырғандар саны бойынша антирекорд жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда КВИ жұқтырғандар саны бойынша антирекорд жаңарды

29.07.2021

Елдегі эпидахуал күн өткен сайын күрделеніп барады. Коронавирустың таралуын бағалау матрицасы 4 күннен бері өзгеріссіз. Яғни, қазір «жасыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ. «Сары» аймақта Түркістан облысы ғана тұр. Қалған өңірлердің бәрі қауіпті деңгейде.

Індеттен қайтыс болғандар саны да азаяр емес. Кеше коронавирус пен пневмониядан 97 науқас көз жұмған. Одан бөлек 7479 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 262 адам шалдыққан. Қазір 90 мыңнан астам тұрғын ем алып жатыр, 1573-і ауыр жағдайда. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 275 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу