Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 48 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 48 адам көз жұмды

19.07.2021

Елімізде вирустың таралуы бойынша жасыл аймақта бірде бір өңір қалмады. Қазір 14 өңір «қызыл» аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Ал, Жамбыл, Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта

Індетке шалдыққандар саны бірнеше күннен бері 5 мыңнан азаймай тұр. Кеше тағы 5317 адамның вирус жұқтырғаны анықталса, вирустық белгілері бар пневмонияға 26 адам шалдықты. Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 48 науқас көз жұмған. Қазір 59 мыңға жуық адам емделіп жатыр, 1047 науқастың жағдайы ауыр. Ал, екпе алғандар саны 4 млн 895 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу