Жалған екпе паспортын жасау бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды
Жыл басынан бері жалған вакцинация паспортын сату мен пайдалану бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі әуежайлар мен теміржол вокзалдарында жолаушылардың ковид мәртебесін тексеруді күшейтті. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Алматыда ПТР анықтамалар мен билеттерді бейтаныс адамнан сатып алған қыз бен жігіт ұсталған. Олар Түркияға демалысқа бармақ болған. Жалған ПТР-тест құжатымен Белорусияға ұшуды жоспарлаған Шымкент тұрғыны да полицейлерден құтыла алмады. Айта кетейік, жалған құжат дайындағандарға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған. Құжатты пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мыңдаған палестиналық Газа қаласынан қашуға мәжбүр
17.09.2025, 17:15

Дінаралық диалогты дамытуда жастардың рөлі маңызды
17.09.2025, 17:12
Марван Гилл: Қазақстан – тұрақсыз әлемдегі сенімді диалог алаңы
17.09.2025, 17:09
VIII Съезд: ЖИ дамыту әдебі – дұрыс ақпарат алу үшін қажет
17.09.2025, 17:06
Президент: Діндер съезі рухани дипломатияға зор ықпал етеді
17.09.2025, 17:03
Ақмола облысында елуге жуық заңсыз қоқыс орны жойылды
17.09.2025, 14:24
Жұмысшы мамандық: Абай облысында 200 грант бөлінді
17.09.2025, 14:21
Елімізде ең көп кәсіпкер Түркістан облысында тіркелген
17.09.2025, 14:19