Басты Жаңалықтар Ақмола облысында елуге жуық заңсыз қоқыс орны жойылды

Ақмола облысында елуге жуық заңсыз қоқыс орны жойылды

Ғарыштық түсірілімдер негізінде Ақмола облысының үш ауданы мен ірі үш қаласы аумағынан 200-ден аса заңсыз қоқыс орны анықталды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әзірге оның 50-і жойылды. Жалпы, өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдауға арналған 130 жер телімі бөлінген. Оның тек 25-і ғана заңдастырылды. Талапқа сай салынған полигондардың үлесі 20 пайызға да жетпейді. Бурабай мен Зеренді аудандарында ғана қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон салу жобасы жасалған. Ал әзірге облыста қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдейтін кәсіпорын жоқ. 

Арыстанбек Тасқынбаев, облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы:

Заңсыз қоқыс орындарын тиісті деңгейде жою жұмыстарын жүргізбегені үшін жергілікті атқарушы органдарының 21 лауазымдық тұлғасы бүгінгі таңда жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Жалпы жыл сайын бізде мониторинг жұмыстары жүргізіледі. «Таза Қазақстан» концепциясы аясында осы жою жұмыстары жүргізілгеннен кейін оны порталға салып, бақылауға алынып отырады.


Бөлісу