Сайлау ауыл халқының сенімін арттырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау ауыл халқының сенімін арттырды

26.07.2021

Ал халықтың сайлауға белсенді қатысуы ауыл болашағына бей-жай қарамайтының белгісі. Тұрғындар осылайша ауылды ажарландырып, көптеген мәселені шешуге болатынына үмітті екенін білдірді. Сондай-ақ үміткерлер арасындағы бәсекелестік іскер азаматтарды іріктеп, шыңдауға да мүмкіндік бергелі отыр. Ұлттық қоғамдық кеңес мүшелері осындай пікір білдіріп, бұл жолғы сайлау демократиялық модернизацияға жасалған қадам дейді.

Айгүл Орынбек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
Бұл халыққа беріліп жатқан керемет мүмкіндік. Яғни, ауыл әкімдерінің жұмысын қадағалау. Яғни, өзіне ұнайтын, халық үшін жұмыс істейтін ауылды көркейтетін әкімді сайлап алу. Біз ауылды көркейту арқылы ғана жоғары дамимыз.

Максим Рожин, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
Сайлауға келушілер санын қарасақ 65 проценттен төмені жоқ. Соның өзі үлкен жақсылық. Себебі, ауылда жүргендер сайлау арқылы ауылдың жағдайын өзгертуге сенімі бар деген сөз. Екіншіден ауылды жақсартамыз деген азаматтардың белсенділігі.

Ләззат Қожахметова, «Талбесік» көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі:
Осы сайлаудың арқасында белсенді бір азаматтар тобы қалыптасады деп сенеміз. Өйткені олар өздері өздерін ұсынумен қатар, өздері өтпесе де өткен адамдардың жұмысын қадағалайтын болады. 2024 жылдан бастап аудан әкімдерін сайлауды бастаймыз. Бұл оның алдындағы жақсы дайындық деп есепитеймін.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу