Мал азығынан тарыққан маңғыстау жұрты аймақтардан әлі де көмек алып жатыр.түркістан облысындағы ағайын тағы да асарлатып шөп жіберді. Алыстан жеткізілген мал азығы бірқатар аудандарға таратылды.
Оңтүстік өңірден Жаңаөзенге осымен 20-ға жуық вагон шөп келді. Қиындықта қол созған жандарға маңғыстаулықтар дән риза. Жаңаөзенге кезекті мәрте жеткізілген 8 вагон шөпті қарақия ауданының тұрғындары өзара бөлісті.
Ұзақбай Келбетов, Құланды ауылының тұрғыны:
Түркістан облысы шардара ауданынан шөп келіп жатыр,сол жақтағы қандастарымызға көп-көп сауболсынымызды айтамыз. Елімізде осындай жұт болып тұр. Осыны пайдаланып, көп-көп рахметімізді айтамыз.
Бір вагонға мың түк шөп тиелген. Мал азығынан таршылық көргендерге кем дегенде төрт-бесеуден үлестіріліп жатыр. Ал, шаруа қожалықтарына қырық данадан берілді. Тегін таратылатын шөпті алу үшін әкімдікте мал басы тіркелуі тиіс. Арнайы бақылау комиссиясы да құрылған.
Саламат Ақбердиев, үйлестіруші:
Қызылсайға екі вагон, сенек, қарақұдық, құланды совхоздары тегін шөпті теңдей бөліп алып жатыр.тоқтамайды бұл, алдағы уақытта. Алматы қосылып жатыр.
Шөпті тиеп, таратуға ауыл белсенділері атсалысып жатыр. Осылайша алыстан келген көмекті шашау шығармай игіліктеріне жаратуды көздеп отыр. Айта кетерлігі, бұған дейін арыстағы ағайын 3 вагон шөп жіберген. Алдағы күндері өңірден тағы да мал азығы жеткізілмек.
Дарын Сағитов