Тəжікстан президентінің қарындасы коронавирустан қайтыс болды. Эмомали Рахмонның 64 жастағы қарындасы Курбонби Рахмонова Душанбедегі клиникалық ауруханада бірнеше күн емделген, алайда дəрігерлер құтқарып қала алмады. 5 шілдеде Тəжікстан президентінің жұбайының анасы Өзбекби Асадуллоева да коронавирус белгілері бар аурудан қайтыс болған еді.
Амангелді Сейітхан