Өзбекстан Президентінің туысы коронавирустан қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан Президентінің туысы коронавирустан қайтыс болды

31.07.2020

Өзбекстан президеті Шавкат Мирзиеевтің туысы коронавирустан қайтыс болды. 69 жастағы Нуман Эгембердиев бір ай бұрын немересінің тойына барған. Яғни, сол шараға келген 200-ден астам қонақтың бірінен вирус жұқтыруы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Себебі аталған тойға шақырылған өзге де бірнеше адамның індетке шалдыққаны анықталған. Дәрігерлер Эгембердиевтың коронавирустық инфекциядан көз жұмғанын растады. Қазір оған инъекция жасаған медицина өкілі де ауырып жатыр.  

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу