Коронавирустан 2118 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан 2118 адам қайтыс болды

20.02.2020

Ал Қытайда каронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді. Сейсенбі күні Хубей провинциясында бұл ауруға 1693 адам шалдықса, сәрсенбіде жаңа инфекция 349 адамнан ғана табылған.

Науқастар қатарының мұнша азаюына, кеудені рентгенге түсіріп диагноз қоюды тоқтатуы себеп. Және де коронавирустың генетикалық ізі байқалған адамдар ғана жұқтырғандар есебіне алына бастаған. Соңғы мәліметке қарағанда, Қытайда жұмбақ вирустан 2118 адам қайтыс болды.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу