Токио Олимпиадасына еліміздің атынан 95 спортшы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио Олимпиадасына еліміздің атынан 95 спортшы қатысады

15.07.2021

Токио олимпиадасына қатысатын спортшыларымыз соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Айта кетейік, дүбірлі додада намысымызды 95 спортшы қорғайды.

Ал Олимпиада 23 шілдеде басталады. Командамыз Жапонияға ертең аттанады. Төрт жылдықтың басты додасында 339 медаль сарапқа салынады. Ал, біздің құрама 27 жарыс түрі бойынша 96 жолдама жеңіп алған. Дәстүр бойынша бокстан ерлер командасы толық құраммен қатысады. Ал, гимнаст Милад Карими жалғыз өзі жеті жолдама еншілеген. Жүзуден үш жолдама бар, екеуі Дмитрий Баландинге тиесілі.

Әлішер Ерғали, еркін күрестен Токио Олимпиадасының лицензия иегері:
Олимпиадаға дайындық өте жоғары деңгейде өтті. Бұл жолы карантиндік мерді көп ұстанамыз ол жақта. Жанкүйерсіз болады. Қобалжу әрине іште болады. Бірақ бар күш-жігерімізді сол Олимпиадаға саламыз.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу