Петропавлда электор трансформаторларын өндіретін зауыт іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда электор трансформаторларын өндіретін зауыт іске қосылады

15.07.2021

Петропавлда жыл соңына дейін электор трансформаторларын өндіретін зауыт іске қосылмақ. Кәсіпорын жұмысымен Мәжіліс депутаттары танысты. Әзірге жылына электр техникасының 3 мың данасын жасау жоспарланған. Кейін өндіріс көлемі 4 есеге дейін ұлғайтылмақ. Зауыт биылдың өзінде 100 адамды жұмыспен қамтуға дайын. Алдағы бірнеше жылда кәсіпорында еңбек ететіндердің саны 300-ге жеткізілмек. Халық қалаулылары зауыт басшылығымен кездесіп, жұмыс жоспарымен танысты.

Ерлік Тайжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұрын СҚО-да болмаған зауыт. Қарап отырсақ, көп жұмыстар істеліп жатыр, біздің өңірде. Біз алыста, шалғайда жатқан ауылдарға барып келдік. Онда «Ауыл бесігі» жобасы бойынша қандай жұмыстар істеліп жатқанына көзіміз жетіп келді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу