Қарағанды қаласында бетперде өндіретін тағы бір цех ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды қаласында бетперде өндіретін тағы бір цех ашылмақ

03.03.2020

Елімізде медициналық бұйымдарды шығаратын кәсіпорындар маска өндірісін арттырды. Мәселен, Павлодардағы зауыт өнімділікті үш есеге ұлғайтты. Ал Алматыдағы кәсіпорын қазір тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеуге көшті. Сондай-ақ жақын күндері Қарағанды қаласында бетперде өндіретін тағы бір цех ашылмақ.

Аймақтағы медициналық мекемелер күн сайын 1000 мыңнан астам бетпердеге тапсырыс береді. Сондықтан қосымша жұмыс орындарын ашу көзделген.

Алматыдағы кәсіпорын ақпан айында 3 миллион масканы саудаға шығарды. Осы айда өнім көлемі арта түспек. Тігіншілер қазір үш ауысыммен жұмыс істеуде.

Ал Қарағандыда жақын күндері айына 20 мың бетперде мен медициналық халат шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады. Өндіріс өңірдің қажеттілігін толық өтейді дейді мамандар.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу