Иракта ауруханадағы өрттен 66 адам қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта ауруханадағы өрттен 66 адам қаза тапқан

13.07.2021

Ирактың Насирия қаласында коронавирусқа шалдыққан науқастар емделіп жатқан ауруханада өрт шығып, 66 адам қаза тапты. 100-ден астамы жараланған. Құрбан болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі жанып жатқан ғимараттан адамдар толық шығарылып біткен жоқ. Өрт сөндірушілер жағдайды бақылауға алған. Алдын ала мәліметтерге сай, тілсіз жау оттегі баллонының жарылуынан тұтанған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Арай Төлегенқызы 


Хабарламаларға жазылу