Астанада жыл басынан бері 506 өрт оқиғасы тіркеліп, 13 адам қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жыл басынан бері 506 өрт оқиғасы тіркеліп, 13 адам қаза тапқан

30.09.2016
Астанада жыл басынан бері 506 өрт оқиғасы тіркеліп, 13 адам қаза тапқан

Жыл басынан бері Астана қаласында өрттен 13 адам қаза тапқан. Ал өрт салдарынан қаза тапқан 13 адамның 3-еуі - балалар. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте белгілі болды. Мамандардың айтуынша, азаматтардың көз жұмуының басты себебі - ішімдік ішу, ұйықтап қалу және балаларды қараусыз қалдыру. 

Жалпы 2016 жылдың 9 айында 506 өрт оқиғасы тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 603 болған еді. Яғни, 2015 жылмен салыстырғанда 16%-ға азайған. 2015 жылға қарағанда адам өлімі 27 %-ға кеміген.
 

Назерке Ахметова

Хабарламаларға жазылу