Украинада ауруханадағы өрттен 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада ауруханадағы өрттен 6 адам қаза тапты

11.06.2019

Украинаның Одесса қаласындағы психиатриялық ауруханада өрт шығып, 6 адам қаза тапты. Олардың бесеуі – пациенттер, біреуі – медбике.

 

Өрт дүйсенбі күні шамамен кешкі сағат 9-дарда басталған. Дәліздің соңында тұтанған жалын әп-сәтте өршіп, ғимараттың төбесін шарпыды. Мекемеден 51 емделуші мен екі қызметкер шығып үлгерген. Алайда, 6 адамға иіс тиіп, үш науқас пен мейірбике оқиға орнында қайтыс болды. Ал, екеуі ауруханада көз жұмған. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Тергеушілер қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр.

 

Бұл – аталған емдеу мекемесінде соңғы екі айда болған екінші өрт. Бұған дейін пациенттердің бірі пердеге от қойып, соның салдарынан 500 шаршы метр аумақ жанып кетті. Сол кезде зардап шеккендер болмағанымен, адамдарды эвакуациялауға тура келген.

Хабарламаларға жазылу