Мамандар EURO 2020 финалынан соң КВИ жұқтырғандар саны артады деп болжап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар EURO 2020 финалынан соң КВИ жұқтырғандар саны артады деп болжап отыр

12.07.2021

Дүбірлі доданың Лондондағы Уэмбли стадионында өткені белгілі. Пандемия жағдайында ұйымдастырылған спорттық шарадан соң мамандар ковид жұқтырғандар саны артады деп болжауда. Бұл ұлыбританиялықтарды алаңдатып қойған сыңайлы. Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова жалғастырады.

Қоғамдық тамақтану орындары мен орталық көшелерде ине шаншар орын жоқ. Финалдық матчты тамашалауға келген ағылшындар қатты қобалжулы. Жергілікті зерттеу орталығының жобалауынша, бұл күні сыраның саудасы қызып, пабтарда шамамен 18 жарым миллион литр сусын сатылуы мүмкін . EURO 2020 ағылшындар үшін аса маңызды тарихи оқиға, өйткені Англия соңғы 55 жылда бірінші рет финалға шықты.

Доп додасынан кейін ауруханаға жарты миллионға жуық адам түсуі мүмкін дейді мамандар. Өйткені жанкүйерлердің көпшілігі әлеуметтік арақашықтық сияқты қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды естен шығарды.

Ханс Клюге, ДДCҰ-ның Еуропа бойынша аймақтық директоры:
Соңғы 10 апта ішінде Еуропаның 53 елінде ковид жағдайлары азайған болатын. Өткен аптада олар 10%-ға қайта артты. Бұл халықтың көпшілік шаралар өтетін жерлерге жиі баруымен тікелей байланысты.
Марина Бекенова, тілші:
Жарты миллионға жуық адам, Англия чемпион атанған жағдайда дүйсенбіні демалыс күні етіп жариялауды сұраған болатын. Үкімет петицияға: Жұмыс берушілер өздері шешеді деп жауап берді. Нәтижесінде Англия жеңіліске ұшырап, жанкүйерлер жұмысқа баратын болды. Әрине, егер індеттен аман болса.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу