Шымкентте 14 мейрамхана мен дәмхананың жұмысы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 14 мейрамхана мен дәмхананың жұмысы тоқтатылды

07.07.2021

Карантиндік шектеу талаптарының күшейгеніне қарамастан Шымкентте дүйім елді жинап, той жасайтындар тәртіпке бағынбай тұр. 

Мереке күндері тексерісті күшейткен мобильді топ мүшелері шаһардың қақ ортасындағы мейрамханалардың бірінде болған қыз ұзатудың үстінен түсті. Қуаныш иесі 100-ден астам қонақ шақырып, көл-көсір дастархан жайған. Тексерушілер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тойды тарқатты. Сондай-ақ 300 адамның денсаулығын қатерге тігіп, үйлену тойын өткізген азамат та жазадан құтылмады. Табыс үшін шектеуге көз жұмған тойхана әкімшілігіне де айыппұл салынды. Жалпы мереке күндері Шымкентте той-думан өткізіп жатқан 14 мейрамхана мен дәмхана анықталды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу