Шымкентте қатарынан екі той өткізген мейрамхана жұмысы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қатарынан екі той өткізген мейрамхана жұмысы тоқтатылды

19.07.2021

Шымкент қаласында эпиемиологиялық жағдай күрделеніп тұрғанымен жұрт думандатып той жасаудан тиылар емес. Полиция қызметкерлері өткен тәулікте жасырын өтіп жатқан бірнеше мерекелік жиынды тоқтатты. Оның бірінде шымкенттік тұрғын 100 адамды жиып, қыз ұзату өткізсе, келесі бір мейрамханада қатарынан екі той ұйымдастырған. Тәртіп сақшылары қуанышқа жиналған топқа санитарлық ережелерді түсіндіріп, оларды тарақатып жіберді. Ал той иелері мен мейрамхана әкімшілерінің заңсыз әрекетіне байланысты хаттама толтырылып, әкімшілік шара қолдану үшін құзырлы орынға жолданды.  

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу