Маңғыстау облысында 300 адам шақырылған той тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында 300 адам шақырылған той тоқтатылды

02.08.2021

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында 300 адам шақырылған той басталмай жатып тоқтатылды.

Мерекелік шараны ұйымдастырушылардың бірі мониторинг тобының мүшелерімен келіссөз жүргізуге тырысқан. Бірақ одан түк шықпады. Тойға келгендер үйлеріне қайтарылып, мейрамхана иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Тағы бір тойхананың әкімшісі мониторинг тобына есік ашпай, тойға жиналған алғашқы 20 адамды 5 сағат бойы ғимарат ішінде ұстаған. Ақыр соңында мейрамхана тоқ көзінен ажыратылды. Сол кезде қонақтар терезеден шыққан. Араларында балалы аналар мен жүкті әйелдер де бар.

Ержан Күмісқалиев, Мұнайлы аудандық мониторинг тобының басшысы:
3 күннің ішінде 10 той тоқтатылды. Той қабылдаған мейрамхана әкімшілеріне қатаң шаралар алынып жатыр. Қазіргі таңда барлық материалдар аудандық санитарлық эпидемиологиялық басқармаға барлық әкімшілік материалдар жіберілді. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу