Оралда той өткізген 3 мейрамхана иесіне айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда той өткізген 3 мейрамхана иесіне айыппұл салынды

24.06.2021

Оралда той өткізген 3 мейрамхана иесіне айыппұл салынды. Тыйым салынған шаралар мониторинг тобының рейді кезінде анықталған. Жалпы жыл басынан бері осындай 34 нысанда карантин талабы бұзылған. Тамақтану орындары Ашық қосымшасы арқылы толық кестемен жұмыс істей алады. Бірақ ас беру, садақадан басқа, отбасылық жиын, той-томалақ өткізуге рұқсат жоқ.

Гүлдана Кереева,  қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
Біздің аймақта тек садақа өткізуге ғана рұқсат берілген. Адамдар саны шектеулі, 60 адамға дейін. Бұл шаралар Ашық жобасы енгізілген нысандарда ғана жүргізіледі. Қалған барлық адамдардың көп шоғырлануымен өткізілетін шараларға тыйым салынған.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу