Токио Олимпиадасына баратын спортшылардың 80%-ы вакцина салдырды
Токио Олимпиадасына баратын спортшылардың 80%-ы вакцина салдырды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі мәлімдеді. КСМ: Ерлан Қожағапановтың айтуынша, лицензия алған спортшылардың шекарадан өту мәселесі түбегейлі шешіліп қойған. Олардың көбі «Спутник V»-ді қабылдаса, шетелде дайындық жасап жатқан спортшыларымыз сол елдің екпесін яғни Pfizer, AstraZeneca, Moderna сынды вакциналарды салдырды.
Сондай-ақ, ведомство өкілі мемлекеттік тапсырыс негізінде елімізде 82 мыңнан аса балалар мен жасөспірімдер тегін секциялар мен үйірмелерге қатыса алатынын айтты. Ол үшін Artsport.edu.kz ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру керек.
Ерлан Қожағапанов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:Ақпараттық жүйе арқылы әр бала 2 қосымшаға тегін жазыла алады. Кезекті жылжытып жіберу, орнын ауыстыру, немесе 2-ден көп үйірмеге жазылу мүмкін емес. Жүйе толығымен автоматтандырылған. Ата-анасы 2 апта ішінде баласы таңдаған секцияға барып, кіріспе сабаққа қатысады. Көңілден шыққан соң, келісімшартқа отырады.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең түсті
14.10.2025, 10:29

Жас механизатор: Биыл күзгі науқанды аяқтап, мол өнім алдық
14.10.2025, 10:27
Ақмолалық диқандар рекорд жаңартты
14.10.2025, 10:22
Өзбекстанда жасанды интеллект көмегімен жол апаты азаяды
14.10.2025, 10:19
Қырғызстан өлім жазасын қайта енгізуі мүмкін
14.10.2025, 10:17
Мексикада су тасқынынан ондаған адам қаза тапты
14.10.2025, 10:15
Газадағы соғыстың аяқталғаны жөніндегі келісімге қол қойылды
14.10.2025, 10:14
Нидерланд кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға ниетті
14.10.2025, 09:57