Германия Франциядан 0:1 есебімен ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия Франциядан 0:1 есебімен ұтылды

16.06.2021

Футболдан Еуропаның қазіргі чемпионы Португалия алғашқы ойынын жеңіспен бастады. Кеше Венгрия құрамасымен кездескен олар мажарларды 3:0 есебімен жеңді. Португалия сапынан Роналду дубль жасап, бірнеше рекорд жаңартты.

Сондай-ақ көпшілік асыға күткен Германия мен Франция құрамасының ойынында/ алаң иелері автогол салып, матч француздардың жеңісімен аяқталды. Есеп 0:1. Әрі осы кездесу барысында әуеден күтпеген жерден парашютшы түсіп, адамдардың үстіне құлаған. Бірнеше жанкүйер жеңіл жарақат алды. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу