Футбол: Қазақстан Франциядан ұтылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол: Қазақстан Франциядан ұтылып қалды

29.03.2021

Кеше футболдан ұлттық құрамамыз Әлем чемпионатына іріктеу сынының бірінші ойынын өткізіп, Франциядан 0:2 есебімен ұтылды. Қазіргі әлем чемпиондары алғашқы минуттан жиі шабуылдап, қақпашымызға тыным бермеді. Осылайша 19-минутта Осман Дембеле есеп ашса, бірінші таймның соңында қорғаушы Сергей Малый автогол соғып алды. Ал екінші таймда алаңға шыққан француздардың жас жұлдызы Килиан Мбаппе пенальти тебуге мүмкіндік алғанымен, қақпашы Александр Мокин оны қайтара алды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу