Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Румыния-Албания матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Румыния-Албания матчын тікелей эфирде көрсетеді

19.06.2016
Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Румыния-Албания матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «А» тобындағы Румыния және Албания құрамаларының арасында 3-ші тур ойыны өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 00:50-де назарларыңызға ұсынады.

Румыния құрамасы бірінші турда Франциядан 1:2 есебімен ұтылса, 2-ші турда Швейцариямен 1:1 есебімен тең ойнаған. Ал, Албания футболшылары  алғашқы турда Швейцария құрамасынан 0:1, екінші турда Франциядан 0:2 есебімен ұтылған.

Екі құрама бұған дейін 18 ойын өткізген. Оның 13 матчында Румыния құрамасы жеңіске жеткен болса, Албания 2 ойында ұтқан. Ал, 3 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Румыния 22-ші орында, Албания құрамасы 42-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Румыния-Албания ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 20 маусымда, сағат 12:15-те көрсетеді.

 

Хабарламаларға жазылу