Президент «Айқын экономика» ұлттық жобасы туралы бастаманы қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Айқын экономика» ұлттық жобасы туралы бастаманы қолдады

15.06.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады. Ол компанияның Каспий теңізі қайраңындағы «Жеңіс» және «Әл-Фараби» мұнай жобаларындағы геологиялық барлау жұмыстарының барысы туралы айтты. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр Алматы облысында іске қосылған «ЛУКОЙЛ» зауытының жұмысына қатысты есеп берді. Компания басшысының айтуынша, зауыт түрлі жағармай материалдарының 800-ге жуық түрін өндіріп, сыртқа экспорттайды.

Сондай-ақ, Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Мемлекет басшысына «көлеңкелі» экономика деңгейін қысқарту бағытындағы жұмыстар туралы мәлімет берілді. Бүгінге дейін 2,8 триллион теңге көлемінде жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан 87 қылмыстық топтың жолы кесілген. Мемлекет басшысы «Айқын экономика» ұлттық жобасын іске қосу туралы бастаманы қолдады. Қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз ету, шағын- орта бизнестің «көлеңкелі сектордан» шығуын ынталандыруға басымдық берілетінін айтты.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу