Протасевич Беларусь мемлекеттік арнасына тағы сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Протасевич Беларусь мемлекеттік арнасына тағы сұхбат берді

04.06.2021

Өткен айда Минскге мәжбүрлеп қондырылған ұшақта тұтқындалған журналист Роман Протасевич Беларусь мемлекеттік телеарнасына екінші рет сұқбат берді. Ол жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысқанын мойындап, тергеушілермен ынтымақтасқанын айтты. Сонымен қатар, оппозициядан түңілгенін және саясатпен енді айналыспайтынын, ал президент Александр Лукашенконы сыйлайтынын мәлімдеді. 

Польшада тұратын әкесі ұлының бұл сөздерді бір апталық азаптаудан кейін айтып отырғанына сенімді. Айта кетсек, мамырдың 23-де Афиныдан Вильюске аттанған ұшақ Минскге қондырылды. Сол кезде тұтқындалған Протасевич пен оның ресейлік құрбысы София Сапега қазір тергеу изоляторында отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу