Алматы облысындағы 130-ға жуық демалыс орнына туристер қабылдап жұмыс істей беруге рұқсат берілді. Бұл демалыс кешендерінің басым бөлігі, Алакөл, Балқаш көлдері мен Қапшағай су қоймаларында орналасқан. Су айдындары мен топырақтан алынған зертханалық сынамалар барлық санитария талаптарына сай болып шықты. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қалыптасқан санитарлық талаптарды сақтаудан бөлек «Ашық» қосымшасы арқылы жұмыс істеу ұсынылып отыр.
Әлия Шағиахмет, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:
Келешекте «Ашық» қосымшасына жүктеп жатса өздеріне жақсы болады. Адамның статусын біліп отырады.
Қуаныш Қанатұлы