Талдықорғанда демалыс күндері сауда, ойын-сауық кешендері жұмыс істемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда демалыс күндері сауда, ойын-сауық кешендері жұмыс істемейді

28.10.2020

Шығыста бүгіннен бастап шектеу шаралары қайта күшейді. Өскемендегі мәдени нысандардың бассейн мен монша, кітапхана және музейлердің жұмысына тыйым салынды. Спорттық-сауықтыру кешендері де жұмысын тоқтатты. Ал аймақтың басқа аудандарында бұл нысандар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отыра әрі қарай жұмыс істей береді. Қауіпті вирустың таралуына жол бермеу үшін қалааралық автобустар да жүрмейді. Жасы 65-тен асқан адамдарға сыртқа шықпауға кеңес берілді. Жұмыс берушілер қызметкерлердің кем дегенде 60 пайызын қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруы тиіс. 

Алматы облысында да демалыс күндері сауда, ойын-сауық кешендері жұмыс істемейтін болды. Өңірде барлық бассейндер жабылды. Тұрғындарға бір отбасының мүшелері болмаса үш адамнан артық жүруге болмайды. Сауда орындарының жұмыс уақыты қысқарып, дәмханаларда жұмыс күндері 30 адамға дейін адам қабылдауға рұқсат етілді.

Берік Көшербай

Талдықорған карантин ойын-сауық кешендері

Хабарламаларға жазылу