Жүздеген мигрант Беларусь шекарасына кері қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүздеген мигрант Беларусь шекарасына кері қайтарылды

09.11.2021

Польша полициясы Беларусь шекарасынан ел аумағына басып кірмек болған жүздеген мигрантты кері қайтарды. Бірақ қазір шығыстан поляк жеріне ену үшін тағы мыңдаған босқын бара жатыр. Олардың жолына тосқауыл қою мақсатында аймаққа 12 мыңдай жауынгер шоғырландырылды. Польша бұл дағдарысты әдейі ұйымдастырды деп Минскні айыптап отыр. Еуропа одағы өкілдеріне сенсек, президент Александр Лукашенко өз еліне санкция жариялағаны үшін мигранттарды Польшаға жөнелткен. Алайда Беларусь үкіметі мұны мойындамай келеді.


Хабарламаларға жазылу