Уақытша кіргізілген көліктер 30 қыркүйекке дейін шығарылуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уақытша кіргізілген көліктер 30 қыркүйекке дейін шығарылуы тиіс

15.09.2021

Шетел азаматтары ЕАЭО аумағына уақытша кіргізген көліктерін 30 қыркүйекке дейін шығаруы тиіс. Былтыр пандемияға байланысты кедендік аумаққа көліктерді уақытша кіргізу мерзімі ұзартылған. Енді екі аптада шетелдік көліктер шығарылмаған жағдайда кедендік баж бен салық төлеуге міндеттеледі. Автомобильдерді әкету туралы талап еуразиялық одақ елдерінің барлық аумағына қатысты. Айта кетейік, Қазақстанда ЕАЭО-қа кірмейтін елдерден әкелінген 3 мыңға жуық шетелдік көлік бар.

Ия Малкина, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Төрағасының көмекшісі: 
 Комиссия шетелдік көліктердің Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жүру мерзімін бірнеше рет ұзартқан. Үшінші елдерден әкелінген көлікті тиісті кедендік рәсімдеусіз бір жыл ғана қолдануға рұқсат.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу