Литва Беларусьпен арадағы шекарада қабырға тұрғызып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Литва Беларусьпен арадағы шекарада қабырға тұрғызып жатыр

05.11.2021

Литва Беларусьтен заңсыз мигранттарды кіргізбеу үшін Еуропада бірінші болып, шекарада қабырға тұрғызып жатыр. Көрші елден Балтық республикасына биыл таяушығыстық босқындар көптеп ене бастады.

Еуропа одағы болса, Беларусь үкіметін мигранттарды Польшаға, Литваға, Латвияға әдейіп аттандырып жатыр деп айыптады. Минск vұны үнемі жоққа шығарып келеді. Алайда президент Александр Лукашенко Еуропа одағының санкциялары елінің қаржылық ресурстарын ортайтқандықтан, мигранттарды тоқтатпайтынын ескертіп отыр.

Жалпы алғанда, тамыз айына дейін Беларусьтен Литва аумағына 4 мыңнан астам мигрант өтіпті. Сондықтан Вильнюс екі ел арасындағы шекараны мейлінше мықтап жабуға мәжбүр.

Арыстан Рысбек


Литва Беларусь

Хабарламаларға жазылу