Назарбаев Түркістандағы жаңа театрдың ашылуына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Түркістандағы жаңа театрдың ашылуына қатысты

12.05.2021

Түркістандағы музыкалық драма театры қыркүйектен бастап қалың көрерменді қуантпақ. Су жаңа өнер ордасының ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Композициялық көрінісі, сәулеттік келбеті өзгеше театрда түркі әлеміне ортақ қойылымдар да сахналанады. Оған шетелдік өнерпаздар да қатысады деген жоспар бар. 510 көрерменге шақталған театр әмбебап өнер ордасы саналады. Музыка, хор, балет, опера бәрі осында. Күзден бастап тұрақты түрде қойылымдар өтеді. Қазір актерлерді іріктеу жүріп жатыр. Елбасы осы бағыттағы жұмыстарға сәттілік тілеп, құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

түркістан музыкалық театры

Хабарламаларға жазылу