Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Барыстың» жаңа аренасының ашылуына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Барыстың» жаңа аренасының ашылуына қатысты

08.08.2015
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Барыстың» жаңа аренасының ашылуына қатысты

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы олимпиадалық ауқымдағы жаңа Мұз сарайында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұз сарайы деп аталатын жаңа нысанды іске қостық. Астана қаласы солтүстікте орналасқандықтан спорттың қысқы түрлерін көбірек дамытуымыз керек. Атап айтқанда, осы қысқы спорттық ойындардан алдыңғы қатарда болуымыз қажет»,-деді Елбасы.

Мемлекет басшысы бұл нысанда он екі мың адамға лайықталған үлкен стадион салынғанын, мұз аренасы мен хоккей академиясы жасақталғанын, сонымен қатар осында спорттың өзге түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар екендігін, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге болатындығын атап өтті.

 «Бұл өте жақсы көрсеткіштер. Менің ойымша, осы  стадион біздің спортшыларға жаңа серпін береді. Біз осында әлемдік танымал командаларды қабылдайтын боламыз. Сондықтан, мен спортшылар мен жастарға құттықтауымды жеткізгім келеді»,-деді Елбасы.

Хабарламаларға жазылу