Қызылордада із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жасар бала өлі табылды. Жасөспірім осыдан екі күн бұрын есік ауласына ойнауға шығып үйіне оралмаған.
Балақайды іздеуге полиция жеке құрамы мен Ұлттық ұлан жасағы және еріктілер жұмылдырылды. Өкінішке қарай, бала үйінен 500 метр жердегі жеке тұрғын үйдің жанындағы кәріз құдығына түсіп кетіп, ажал құшқан. Қазір қайғылы жағдайға қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.
Нұрлан Ағаділов, Қалалық полиция басқармасының бастығы:
Сырттай қарау барысында мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Әділбек Серікұлы