Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

27.04.2021

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады.

«Екі ел арасындағы ынтымақтастық Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай келеді. Елдер арасындағы барлық мәселе сындарлы әрі сенімді диалог арқылы шешіледі», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің COVID-19 пандемиясы басталғаннан бергі бір-біріне көрсеткен өзара көмегін жоғары бағалады. Әрі кездесуде Қазақстан Қытайдан вакцина алуды жоспарлап отырғаны айтылды. Айта өтейік, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр. Мемлекет басшысының пікірінше, алда келе жатқан осынау мерейтойлық мезет бұған дейін жүріп өткен жолдың салмағын ұғынуға, стратегиялық серіктестіктің жаңа мақсаттарын анықтауға жақсы мүмкіндік береді.

Екіжақты сауда және инвестициялық байланыстарды теңгерімді даму деңгейіне шығару үшін Президент автомобиль және теміржол өткізу пункттерінің жұмысын қалыпты режимге қайтарып, олардың өткізу қабілетін арттыруға қатысты ұсыныстарын айтты. 


Хабарламаларға жазылу