«Өзгеріп жатқан әлем: бір белдеу, бір жол». Қытайда осындай тақырыппен Боао азиялық форумы өтіп жатыр. Шараның пленарлық сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеүндеуі жарияланды. «Қазір Қазақстан арқылы 11 трансұлттық маршрут салынды, оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобаны, 5 теміржол және 6 автомобиль жолы, Қазақстаннан Парсы шығанағына және Оңтүстік Азияға баратын темір жолдар бар. Осының арқасында елімізде бәсекеге қабілетті транзиттік хаб құрылды» деді Елбасы. Осындай жұмыстардың іске асуына Боао форумының рөлі зор екенін айтты. Жиында өзге де Азия елдерінің басшылары сөз сөйледі.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:
Еліміз арқылы Азияның кез келген нүктесіндегі тауарлар Солтүстік Еуропа қалаларына екі аптаның ішінде жетеді. 2020 жылғы дағдарысқа қарамастан Қазақстан арқылы өтетін «Қытай – Еуропа – Қытай» бағыты бойынша контейнерлік тасымалдар көрсеткіші 60% -дан асты. Сондықтан бұл форум өз өміршеңдігін дәлелдеп келеді.
Ақниет Балтанова