AIF және BFA арасында меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

AIF және BFA арасында меморандумға қол қойылды

29.03.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Азия форумына қатысуы барысында Астана халықаралық және Боао форумдары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібін бірлесіп ілгерілетуге, сондай-ақ үздік әлем құру жолындағы көпжақты серіктестік пен ұжымдық жауапкершілікті нығайту жөніндегі жаһандық шараларды қолдауға ниетті. Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше екі диалог алаңы күш-жігерін біріктіріп, ортақ мақсатты көздейтін бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.


Хабарламаларға жазылу