Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шортанды ауданындағы сервистік әкімдіктің жұмысымен танысты. Сосын Есіл, Атбасар, Степногорс, Жақсы және Көкшетау қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, бұқарамен кездесу өткізді. Әрі жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, жастармен ашық әңгіме құрды.
Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
Біздің мемлекетімізде өздеріңіздер сияқты белсенді, адал, патриот жастар көп болса, жемқорлық дерегі азаяры сөзсіз. Біз осы тұрғыда сіздермен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Десе де, бұл жұмыстар тек ай сайын берілетін есеп үшін ғана емес, шынайы болғанын қалаймын.
Ал облыс әкімдігінде өткен жиында аймақтағы жемқорлық мәселесі талқыланды. Олжас Бектенов «SMART AQMOLA» орталығының сандық технологиясын көріп, жаңадан ашылған «Болашақ сарайының» жұмысымен танысты. Облыстық полиция департаментінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ашылу салтанатына қатысты.