Әлемнің 57 елінде коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің 57 елінде коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейді

13.04.2021

Әлемнің 57 елінде коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейіп келеді. Дегенмен, өткен тәуліктерде мұндай мемлекеттер саны 60-тан кем емес еді. Ал, Рейтер агенттігінің дерегінше, бүгінде жер шарында ковидке шалдыққандар саны 136 миллионнан асып, 3 миллион 100 мыңға жуығы қайтыс болған. Ал, халықты вакциналауға кіріскен елдер 161-ге жетіп, 800 миллионға жуық адамға екпе салыныпты.

Қауіпті инфекцияны жұқтырғандар соңғы 24 сағатта Үндістан, Ирак, Кувейтте айтарлықтай көбейді.

Арыстан Рысбек

коронавирус

Хабарламаларға жазылу