ДДСҰ қайта маска тағуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ қайта маска тағуға шақырды

08.01.2024

Соңғы апталарда әлемнің көптеген елінде коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейді. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бетперде тағуға және ковидке қарсы екпе салуға үндеді. Бұған қоса, аталған вирусты анықтайтын тест жасау және медициналық көмекке жүгіну туралы кеңес берді. Желтоқсанның соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем бойынша коронавирус жұқтыру дерегі оның алдындағы айға қарағанда 52 пайызға өскенін мәлімдеген еді.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу