Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 115 млн-ға жақындап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 115 млн-ға жақындап қалды

03.03.2021

Әлемнің 64 елінде коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейіп келеді. Ал, планета бойынша мұндай науқастар саны 114 миллионға жақындап, 2 миллион 650 мыңнан астамы қайтыс болған. Мұны бүгін «Рейтер» агенттігі хабарлады. 

Оның өзге бір дерегінше, вакциналау науқанына кіріскен мемлекеттер саны 108-ге жетіп, жер шарында кемінде 250 миллиондай екпе салынған. 

Дегенмен, бірер күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ескерткендей, пандемия биылғы жылдың соңында аяқталады деген болжам шындыққа жанаспайды. Сондықтан коронавирустан қорғану шаралары әлі де босаңсымауы керек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу